«Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 30 мамырдағы № 384/50-VI шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 333/42-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1198 тіркелген, 2019 жылдың 5 қаңтарында «Astana aqshamy», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешiмнiң атауында және барлық мәтін бойынша «Астана» сөзiн «Нұр-Сұлтан» сөзіне ауыстыру;
1) тармақшадағы «406 300 487» деген сандар «436 955 608» деген сандармен ауыстырылсын;
«1 720 438» деген сандар «3 353 688» деген сандармен ауыстырылсын;
«7 317 848» деген сандар «7 809 848» деген сандармен ауыстырылсын;
«133 115 524» деген сандар «161 645 395» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «379 841 918,9» деген сандар «408 393 473,9» деген сандармен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «20 405 832» деген сандар «22 509 398» деген сандармен ауыстырылсын, оның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу «20 405 832» деген сандар «22 509 398» деген сандармен ауыстырылсын;
4-тармақта «4 871 281» деген сандар «546 628» деген сандармен ауыстырылсын.
Аталған шешімге 1, 4, 6, 9, 12, 15-қосымшалар осы шешімге 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы | А. Күрішбаев |
| Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы | Ж. Нұрпейісов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Нұр-Сұлтан қаласының
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау
басқармасы» (СжБЖБ) мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а. Қ. Тұмабаев
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының
2019 жылғы 30 мамырдағы