(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АТҚАРУШЫ ҚҰЖАТТАР БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАМАҒ...

«Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 70 бұйрығы

(2015.05.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2017 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Бас Прокурорының 2015.05.01. № 4 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені даму мен жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексін қолдану барысында мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкі (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құрылсын.

2. Қоса берілген атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі)жүргізу жөніндегі Нұсқаулығы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.