Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 8 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай:
1) қандастарды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 433 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасының саны 7 050 адам болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;