«Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 128 бұйрығы

 «Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 128 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21717 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

2-тармақта:

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) республикалық трансплантаттауды үйлестіруші - Үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, өңірлік трансплантаттауды үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді және Қазақстан Республикасындағы трансплантаттау мен донорлықты дамыту мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. ДРЕМАЖ-ға кіруге:

1) үйлестіру орталығының;

2) трансплантаттау орталықтарының;

3) тіндік типтеу зертханаларының рұқсаты бар.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Республикалық трансплантаттауды үйлестіруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде пациентті ықтимал реципиенттердің тіркеліміне енгізуге өтінімді қарайды. Қарау қорытындысы бойынша өтінім қабылданады не қабылдаудан бас тартылады.»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«29. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тіркелімдерге енгізілген және алынған мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және оларды:

1) тіркелімдердің уақтылы жүргізілуін бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.