Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 маусымдағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 189 Қаулысымен күші жойылды
«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.10.06. берілген өзгерістермен)
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018.12.03. № 33 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.10.06. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 26 мамырында № 11184 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратымен (бұдан әрі-мемлекеттік қызметті көрсетуші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.10.06. № 132 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018.12.03. № 33 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)