«Қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 486 бұйрығы

Қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 486 бұйрығы

 

«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық процесті жүргізетін органдардан жасырынып жүрген, сондай-ақ әскери бөлімді (мекемені) немесе қызмет орнын өз бетінше тастап кеткен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іздестіруді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

1) «Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 23 тамыздағы № 473 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15767 болып тіркелген);

2) «Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 500 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21375 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.