Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67-409 шешімі
Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 18-135 шешімімен күші жойылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданының әкімдігі
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 67-409 шешіміне
қосымша
Зеренді ауданында тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері және тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Зеренді ауданында тұратындарға беріледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган - «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері