«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 18 қазандағы № 84/қе бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 18 қазандағы № 84/қе
бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті туралы ереженің 16-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 28 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11022 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 19 маусымдағы № 114 (28592) «Егемен Қазақстан» және 2015 жылғы 20 маусымдағы № 115 (27991) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ережесінде:

8-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 130000, Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 24 шағынауданы, нөмірі 4 ғимарат.»;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» № 369 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9886 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қаңтарда жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің ережесінде:

5-тармақтағы 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.