Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 21 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығымен күші жойылды
2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қабылдануына байланысты, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету туралы Нұсқаулық осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері мен қызметшілері таныстырылсын.
6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына 1-қосымша
Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың қолданылуына прокурорлық