(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусіз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес осы баптың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын арттыруға жататын шығындарды ескере отырып осы активтердің өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген құны осы баптың мақсаты үшін бастапқы құн болып табылады.

 

88-бап. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс

1. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа:

1) салық төлеушінің міндеттемелерін оның кредиторының есептен шығаруы;

2) салық төлеуші таратылған кезде тарату балансы бекітілген кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;

4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыс сомасы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарына сәйкес:

осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда есептен шығарылған;

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда тарату балансын бекiткен күнi төленуге жататын мiндеттемелердiң сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.

3. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған міндеттемелерге осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды.

4. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табысқа кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелердің берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту жатпайды.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетін табыс

1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.

Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы Кодекстің 8-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.

2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:

1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;

3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;

4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:

сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;

сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады.

 

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 89-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

89-1-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша табыстары

1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:

1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары);

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;

3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;

4) осы Кодекстің 90-бабының 3-тармағында және 95-бабында көрсетілген табыстарды қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге табыстар түріндегі табыстары сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының табыстары деп танылады.

2. Осы баптың ережелері сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде деп танылған осындай шарттарға қолданылмайды.

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Есепті салық кезеңінің соңында Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңындағы осындай активтердің мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі табысы деп танылады.

4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы деп танылады.

Бұл ретте 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарналары түріндегі табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін танылатын осындай шарттар бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысы мынадай формула бойынша айқындалады:

Т * (А/Б), мұнда:

Т - есепті салық кезеңінде алуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табыс;

А - 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;

Б - шарт күшіне енген күннен бастап есепті салық кезеңінде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі табысты тану күнін қоса алуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары.

 

2009.13.02. № 135-ІV ҚР Заңымен 90-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

90-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс

2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңына сәйкес 1-тармағының қолданысы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап 2013 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды.

2013 ж. 1 қаңтардан бастап 2014 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтата тұру кезеңінде 2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңның 7-бабының редакциясында қолданылды

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.11. № 57-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:

1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңартпа, талап ету құқықтарын беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;

3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомасы танылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

1-1. Осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:

1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, талап ету құқығын жаңарту, қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;

3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары;

4) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2017 жылға келетін салық кезеңі үшін банктің жылдық жиынтық табысына кіреді.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы теріс айырма провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге құқығы бар салық төлеушілерге қолданылады.

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 13-бабына сәйкес 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды. 2014.07.03. № 177-IV ҚР Заңның 2-бабына сәйкес 90-бабы 2-тармағының қолданылуы 2012 ж. 1 қаңтардан 2013 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңдегі редакцияны қараңыз

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 59-бабына сәйкес (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2-тармаққа өзгерістерді қараңыз:

2012.26.11. № 57-V ҚР Заңын (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

2014.07.03. № 177-IV ҚР Заңын (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2013 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2014.07.03. № 177-IV ҚР Заңның 3-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)

2. Мынадай жағдайларда:

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен борышкер заңды тұлғаның таратылуына байланысты Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) борышкер — жеке тұлға күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде ол қайтыс болған деп жарияланған;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) борышкер — жеке тұлғаға I, II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ борышкер — жеке тұлға қайтыс болған;

3) осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында жауапты болатын борышкерде және борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапты болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алуды қолдануға болатын мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқару құжатын қайтару туралы сот орындаушысының қаулысы заңды күшіне енген және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді  (бұр.ред.қара)

4) соттың борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе табыстарына осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің өндіріп алуды қолдануынан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген;

4-1) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2014 ж. 1 қаңтардан бастап алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)

4-2) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға берген жағдайда - банктің бастапқы құжаттарына сәйкес осындай банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарының құны мен кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру күні борышкерден алынуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы теріс айырма бөлігінде борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы - осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін кіріс деп танылмайды.

Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) борышкер — дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен алынған;

2012 ж. 1 қаңтардан бастап 2018 ж. 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 61-бабына сәйкес 6) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)

6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банктің борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға:

екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға;

2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген және күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына;

егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі мәмілеге қатысатын банктердің бірі - өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, басқа банкке берген;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк туралы заңнамасы талаптарына сәйкес төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салық кезеңінде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші бухгалтерлік есепте азайтқан;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)

8) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша салық кезеңінде кешірілген үмiтсiз берешектің жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) және олар бойынша сыйақы бойынша негізгі борыш сомасына арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшерін азайтқан жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.

Осы тармақша, егер кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешек уәкiлеттi органның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген негіздерде және тәртiппен кешірілген жағдайда қолданылады.

Осы тармақшаның мақсаты үшін кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықтан ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепіл мүлікті кепілге берілген мүлкін сатудан кейін өтелмеген кредиттің (қарыздың) сомасына сату кезінде кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы бойынша талап ету құқығын тоқтату болып танылады.

2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданыста болады); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)

2-1. Кредит (қарыз) бойынша борыш осы тармақта белгіленген тәртіппен және жағдайларда кешірілетін жағдайда, осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомаларын шегеруге құқығы бар банк бұрын шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түскен табыс деп танымайды.

Осы тармақтың ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) борышқа қарсы құрған, мыналардан:

негізгі борыш бойынша берешектен;

2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есептелген сыйақы бойынша берешектерден тұратын кредит (қарыз) бойынша борышқа қолданылады.

Осы тармақ бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:

1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;

2) кредит (қарыз) бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілсе;

3) кредит (қарыз) бойынша борышты кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген банктің басқару органы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін бекіткен және 2015 жылғы 1 ақпаннан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борыштары кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;

4) кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан да көп құжат болса:

бейрезидентке берілген:

шет мемлекеттің құқық қорғау органына борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзге түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш;

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге қатысты жойылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талап;

борышкерде және банк алдында борышкермен бірге ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алынуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе табыстар болмаған және оның мүлкін немесе табыстарын анықтау бойынша қолданылған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқару құжатын аталған банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;