(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

Салық төлеушi осы Кодекстiң 608-бабының 3-тармағында көрсетiлген таратудың салықтық тексеруiнiң нәтижелерi туралы хабарламалармен келiскенi туралы өтiнiштi табыс еткен кезде, есепке жазылған сомаларын есепке алу осындай өтiнiштi табыс еткен күннен бастап салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотында жүргiзiледi.

3. Шағым жасалған жағдайда дербес шоттағы есептелген сома салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру күні мен деңгейі бойынша, сондай-ақ шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім ескеріле отырып көрсетіледі.

4. Есепке жазылған сома салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында шағым беру және оны қарау үшін көзделген кезеңде және мерзімде оның орындалу мерзімдерінің тоқтатыла тұруы ескеріле отырып көрсетіледі. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мұндай есепке жазылған сомаға қолданылмайды.

5. Салық төлеуші (салық агенті) шағым беру мерзімі өткеннен кейін мұндай шағым бермеген жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұрын салық міндеттемесін орындау мерзімі тоқтатыла тұрып есептелген соманы қалпына келтіру бойынша есепке алу жазбасы жүргізіледі. Бұл ретте, есептелген соманы есепке алу дербес шоттың есеп-қисаптар сальдосында соманы көрсете отырып жүргізіледі.

 

592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылған және қайтарылған сомаларын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған:

1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленгені бойынша;

2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;

3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;

4) қате төленген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;

5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өндіріп алу сомалары бойынша төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.

2. Осы Кодекстің 47-бабында белгіленген тәртіппен салықты төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде салық төлеушінің дербес шотындағы салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген салық сомасы оның орындалу кестесі ескеріле отырып көрсетіледі. Салық төлеу мерзімі өзгерген кезеңде салық органы салық төлеушіге өсімпұлды есептеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбайды.

3. Салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын осы Кодекстің 31-бабының 9-тармағына сәйкес шетел валютасында көрсету салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттары негізінде ұлттық валютада жүргізіледі.

 

593-бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу

1. Осы Кодекстің 610-бабында белгіленген мөлшерде және тәртіпте есептелген өсімақылар сомасы ол есептелген кезең көрсетіле отырып, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсетіледі.

2. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды есепке алу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы негізінде жүргізіледі.

3. Есептелген айыппұл сомалары салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұзушылық жіберілген тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша көрсетіледі.

4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте есептеледі.

5. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдарды, айыппұлдарды салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотына есепке алу осы Кодекстің 591-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

594-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды  салыстырып тексеру жүргізу

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысанда салыстырып тексеру актісі беріледі.

2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан мәліметтерді және салық төлеуші (салық агенті) туралы деректерді көрсете отырып, салыстырып тексеру актісін екі дана етіп жасайды.

3. Салыстырып тексеру актісінде салық төлеушінің (салық агентінің) және салық органының деректері бойынша алшақтық болмаған жағдайда, салыстырып тексеру актісіне салық органының есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамы және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Салыстырып тексеру актісінің бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, екінші данасы салық органында қалады.

4. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтық болған жағдайда, алшақтықтың күні, сомасы және себебі көрсетіледі. Салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотының деректерін тиісті түзету арқылы туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қолданады.

5. Туындаған алшақтықтарды жою аяқталған соң салық органы қайтадан салыстырып тексеру актісін жасайды және осы бапта белгіленген тәртіппен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді.

 

595-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) мыналар:

жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;

мыналардың:

дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың;

резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің;

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның;

осы Кодекстің 191-бабының 5-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенттің;

осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезиденттің орналасқан жері өзгерген кезде жүргізіледі.

Осы тармақшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарын беру осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығын төлеу және ол бойынша декларация табыс ету тәртібіне осы бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелердің тобы бойынша жинақталып, оның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы ауысқан кезде - осы Кодекстің 200-бабының 1-тармағында көзделген хабарлама негізінде;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеуден шығарған кезде - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүргізіледі.

2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беруді осы баптың 1-тармағында көзделген дербес шотты беру үшін негіздер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

3. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шоттарын құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына беру:

1) біріккен, қосылған кезде - беру актісі негізінде;

2) бөлінген, бөлініп шыққан кезде - бөліну балансы негізінде жүргізіледі.

Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотын беру салықтық тексеру аяқталған соң және салықтық тексеру нәтижелері қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотында көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің дербес шотын беру тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

5. Дербес шот, оны беретін салық органында - ағымдағы жылдың басынан басталатын кезең үшін оның жабылған күніне дейін, сондай-ақ алдыңғы бес жыл үшін беріледі.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін орындауға байланысты құжаттары дербес шот берілген салық органына қағаз жеткізгіште беріледі.

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 596-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

596-бап. Қаулыны орындаудың мерзiмi өтуiне байланысты айыппұл төлеу бойынша мiндеттеменiң тоқтатылуы

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген қаулыны орындаудың мерзiмi өтуiне байланысты орындалуы мүмкiн емес салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шотынан салық органының шешiмi негiзiнде есептен шығаруға тиiс.

 

597-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу мынадай тәртіппен:

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің дербес шоты - заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған және құрылымдық бөлімше есептік тіркеуден шығарылған кезде жүргізіледі.

Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі;

2) дара кәсіпкер - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;

Мұндай дара кәсіпкердің дербес шотын жабу дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі.

Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың дербес шотын жабу жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;

4) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның, қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын немесе салық агенті болып табылатын бейрезиденттің дербес шоты - осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі;

5) жеке тұлғаның дербес шоты:

салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқықтар тоқтаған кезде - оларды растайтын құжаттармен қоса, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;

Қазақстан Республикасынан тұрақты тұратын жерге көшіп кеткен кезде - орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;

қайтыс болу себебі бойынша немесе күшіне енген сот шешіміне сәйкес оны қайтыс болды деп жариялаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүргізіледі.

Ағымдағы жыл аяқталғаннан кейін есептелген, есебіне жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар қорытындысы шығарылған соң есеп-қисап сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі.

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 598-бап өзгертілді; 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 598-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 598-бап өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 598-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

598-бап. Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi беру тәртiбi

1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаты үшін - берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сауал беруге құқылы.

2. Салық органы берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi электрондық түрде:

1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға - Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;

2) мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаларға - мұндай органның және (немесе) тұлғаның сауалы бойынша;

3) салық төлеушіге (салық агентіне) - салық төлеушінің (салық агентінің) сауалы бойынша береді.

3. Берешектiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер салық төлеушінің (салық агентінің) тiркеу есебiне алынған жері бойынша салық органдарында ашылған дербес шоттардың деректерi ескеріле отырып жасалады.

4. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

5. Берешектің жоқ (бар) екендiгi туралы мәліметтер:

1) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде - мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;

2) мемлекеттік органның және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында мұндай мәліметтер беру белгіленген тұлғаның сауалы бойынша - сауал келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Заңды тұлға таратылған немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) қызметiн тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлғада және (немесе) филиалда (өкілдікте) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 37, 37-1 және 37-2-баптарында белгіленген шарттар сақталған кезде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде беріледі.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде, осындай тұлғаның берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 5-тарауында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.

 

 

§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды

есепке жатқызу және қайтару

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 599-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 599-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

599-бап. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші (бұдан әрі осы Кодекстің осы бабының және 600-бабының мақсаты үшін - есепке жатқызуға салықтық өтініш) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің осы бабында және 600-бабында көзделген басқа да негіздер бойынша жүргізіледі.

2. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасы болып табылады.

Осы Кодекстің 217-бабына сәйкес бейрезидент салық төлеушіге қайтарылуға жататын, төленген салық сомасы да салықтың артық төленген сомасы болып табылады.

3. Осы Кодекстің осы бабының және 600 және 602-баптарының мақсатында:

1) жер учаскелерін, жер бетіндегі көздерден алынатын су ресурстарын, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыстарды бергені, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлемақы - төлемақы болып табылады;

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) аукциондардан алынатын, азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алынатын алым - алым болып табылады.

4. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуды салық төлеушінің жеке шоты бойынша артық төленген сома есептеулі тұратын салық органы ұлттық валютада жүргізеді.

5. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын, осы баптың 13 - 16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке алуға жатқызылмайды.

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

6. Салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан және бұрын алынған есепке алу-бақылау маркаларын қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын аталған тауарларға акциздің артық төленген сомасын салықтың, төлемақының осы және басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жүргізілмейді.

7. Салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда, ол ұсынылған күнге дейін артық төленген соманы есепке жатқызу жүргізілмейді.

8. Есепке жатқызуды жүргізу мерзімі:

1) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша - осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;

2) өтінішсіз - жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

9. Салық органы салық, төлемақы, алым бойынша мерзімі бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген, олардың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызуды жүргізу күнін қоса алғанда, есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

10. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомаларын есепке жатқызу жүргізілген күні есепке жатқызуға салықтық өтініште көрсетілген салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.

11. Салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасы салық берешегін өтеу және алдағы төлемдерді төлеу есебіне мынадай тәртіппен:

1) тармақшаға өзгерістерді қараңыз 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

1) салық төлеушінің өтінішінсіз:

салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлдарды;

салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлдарды - өтеу есебіне;

2) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:

салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;

салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;

салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;

егер осы баптың 13 және 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді - төлеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады.