«Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 1633 және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 27 қарашадағы № 399 бірлескен бұйрығы

Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 1633 және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 27 қарашадағы № 399 бірлескен бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 16-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Көлік министрінің

міндетін атқарушы

2025 жылғы 27 қарашадағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.