(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПСИХОНЕВРОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМНАН АНЫҚТАМА БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТ...

Осы редакция 2016 жылғы 3 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қостанай облысы әкімдігінің

2015 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 396 қаулысымен бекітілген

 

 

 «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы және оның қалалары мен аудандарының бөлімдері (бұдан әрі - ХҚКО);

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызметтің нысаны - қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

ХҚО-да - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;

денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.

Анықтама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша психиатр-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып беріледі.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.