Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік» және «Техникалық байқаудың халықаралық сертификаты» екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдау бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес автомобиль, су және теміржол көлігі саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;
3) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері «Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік» екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган болып;