«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 35 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті орган ведомствосы тарифті бекіту үшін субъект «Монополист» базасы» веб-порталы арқылы электрондық нысанда өтінім ұсынады.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Қағидаларға 142-қосымшаға сәйкес инвестициялық бағдарламалар шеңберінде нысаналы көрсеткіштері бар субъектілердің жөндеу картасы;»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Бекітілген тарифтік сметаны тарифті жоғарылатпай өзгерту үшін субъект ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде қағаз немесе «Монополист» базасы» веб-порталы арқылы электрондық нысанда уәкілетті органның ведомствосына бекітілген тарифтік сметаны тарифті жоғарылатпай өзгерту туралы өтінішпен жүгінеді.»;
39-тармақ алып тасталсын;
42-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Тарифтің қолданылуы кезеңінде субъект жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті органның ведомствосына «Монополист» базасы» веб-порталы арқылы электрондық нысанда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті ұсынады.»;
301-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: