«Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 662/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 184 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32394 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Цифрлық майнерлерге және цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағы;
2) цифрлық майнингтік пулдарға қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағы бекітілсін.»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген цифрлық майнерлерге қатысты цифрлық активтер саласындағы тексеру парағында:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 49 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 164/НҚ бірлескен бұйрығымен бекітілген»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«