«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 886 бұйрығы (2020.13.10. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 886 бұйрығы

(2020.13.10. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Өтінімге сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен өзара іс-қимыл жасау және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қызметті сатып алған жағдайда) шарттарының көшірмелері;

2) ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу арқылы қолданыстағы тексеру актілерінің көшірмесі;

3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың көшірмесі, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспар;

4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан өтуін және кәсіптік деңгейін қолдауын өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі.»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «11. Сертификаттаудың жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап отыз бес жұмыс күнін құрайды.»;

13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«13. Уәкілетті орган өтініш пен ұсынылған құжаттарды оны алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастырады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.