Осы редакция 2019 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 149 қаулысына
8-қосымша
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
«Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына ілеспе хатпен жіберілетін жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) және көрсетілетін қызметті берушінің оны тіркегені туралы белгісі бар акциялар шығарылымы проспектісінің бір данасы не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі - бас тарту).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының, не тиісті сенімхат негізінде қол қою құқығы берілген адамның қолымен расталады.