Қайта өңдеушілер үшін 2016 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлуді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 3-4/1045 бұйрығы
4-тармаққа сәйкес 2017 ж. 1 қаңтарына дейін қолданылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қайта өңдеушілер үшін 2016 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;