«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы № 883 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы № 883 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

«40-1) өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын, өндіріс паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 96-1) тармақшамен толықтырылсын:

«96-1) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 106-3) тармақшамен толықтырылсын:

«106-3) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 115-2) тармақшамен толықтырылсын:

«115-2) газ тарату жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 126-1) және 126-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«126-1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын жобалауға арналған тапсырманы келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

126-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын техникалық мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

128) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«128) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.