(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ТУРАЛЫ НЕМЕСЕ ШЕТЕЛДІК БАНКТЕ БА...

Осы редакция 2017 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 71 қаулысына

1-қосымша

 

 

«Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Валюталық операция туралы немесе шетелдік банкте банк шотын ашу туралы хабарламаны растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге валюта шарты туралы ақпарат, құжаттар ұсынылған күннен бастап - 7 (жеті) жұмыс күні өткеннен кейін;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - қағаз жеткізгіштегі хабарлама куәлік.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі - сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.