Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 305 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 - баптарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, «TNS-Plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан жалпы ауданы 46,4 гектар жер учаскелеріне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 25 (жиырма бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Бейнеу ауданының әкімі | Б. Әбілов |