«Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 20 бұйрығы

 «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 20 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35311 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

««Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 16-бабының 13-9)-тармақшасына сәйкес әзірленді және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңда белгіленген талаптарды ескере отырып, қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыруы тәртібін айқындайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.