«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ және «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 13-НҚ нормативтік қаулысы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сертификаттаудың мақсаты - мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың мемлекеттік аудиторға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін олардың кәсіби білімінің, дағдылары мен тәжірибесінің, іскерлік қасиеттерінің және әлеуетті мүмкіндіктерінің деңгейін белгілеу.»;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) апелляция - кандидаттың біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша қабылданған шешімді қайта қарау туралы жазбаша өтініші;
2) апелляциялық комиссия - кандидаттардың апелляцияларын қарау үшін құрылатын комиссия;»;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) білімді растау жөніндегі ұйым - мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер кандидаттарды оқытатын ұйым;»;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) емтихан комиссиясы - біліктілік емтиханының нәтижелерін тексеру мен бағалауды жүзеге асыру үшін құрылатын комиссия;»;
5, 6, 7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: