(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛ...

Предыдущая страница

4. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайларда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру жөніндегі жедел басшылық төтенше ахуалдардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға және төтенше ахуалдар жөніндегі аумақтық комиссияларға жүктеледі.

5. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.

6. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин уәкілетті орган белгілейтін, Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындаудың өлшемшарттарына сәйкес аумақтық ерекшеліктерге, жұқпалылыққа, берілу жолдарына, өлім деңгейіне және инфекциялық аурулар таралуының басқа да эпидемиялық мәні бар факторларына қарай енгізіледі.

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мониторингтік топтар құруы мүмкін.

Құрылған мониторингтік топтар, олардың құрамы және өкілеттіктері туралы ақпарат, сондай-ақ мониторингтік топтың әрекет ету алгоритмі бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылады.

Мұндай топтардың қызметі жеке және заңды тұлғалардың инфекциялық аурулардың таралу қатерінің алдын алуға байланысты қоғамдық тәртіпті, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтауына мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Мониторинг жүргізу тексеру болып табылмайды және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарына жатпайды.

Мониторинг жүргізу үшін көрсетілген топтар объектіге барған кезде көрсететін, мониторинг тағайындау туралы электрондық нысандағы актіні алу үшін ақпараттық ресурста алдын ала тіркелуді жүзеге асырады.

Мониторингтік топтардың инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің бұзылу белгілерін көрсететін фото- және бейнеақпаратты кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберу үшін, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына араласпай және заңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмей, жинауға құқығы бар.

Мониторингтік топтардың құзыретіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау жатпайды.

Мониторингтік топтар өз қызметін инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары шеңберінде жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік субъектісін мониторингтеу нәтижелері бойынша инфекцияның таралу қатерінің алдын алуға байланысты Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы береді.

Мониторингтік топтарды құру және мониторинг жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

Мониторингтік топтар қызметін жүзеге асырған кезде кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және заңнамасына сәйкес меншікке қол сұғылмаушылықты қоса алғанда, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.

7. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының аумағына шетелден кіруді (Қазақстан Республикасының аумағынан шығуды) және жекелеген өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) көлік құралдарының (әуе, теміржол, автомобиль көлігінің) жүріп-тұруын шектеуді;

2) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің қызметін шектеуді;

3) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық, діни және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ бала тууға, үйлену тойына, қазаға байланысты отбасылық ғұрыптарды ұйымдастыруға және өткізуге шектеу қоюды;

4) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді өндіруге, әкелуге, әкетуге, қолдануға және өткізуге шектеу қоюды;

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде жанаспайтын термометрияны, зертханалық зерттеп-қарауды жүргізуді және қажет болған жағдайда инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды оқшаулауды;

6) инфекциялық аурулармен ауыратындарды зертханалық зерттеп-қаралуға, оқшаулануға және емдеуге жатқызуға (немесе үйде оқшаулануға), медициналық байқауға алынуға, емделуге жіберуді;

7) инфекциялық ауруларды таратудың ықтимал көздері болып табылатын адамдарды, инфекциялық науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ инфекциялық ауруға күдікті адамдарды зертханалық және медициналық зерттеп-қаралуға және оқшаулануға жіберуді;

8) инфекциялық аурулардың жеке және ұжымдық профилактикасы шараларын қолдануды;

9) үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді қамтиды.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 105-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

105-бап. Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер оқиғаларын тіркеу

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың және (немесе) уланудың, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің барлық оқиғалары олардың анықталған жері бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің тіркеуіне, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мемлекеттік есепке алуына және есептілік жүргізуіне жатады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Инфекциялық жəне паразиттік аурулар жəне (немесе) улану, халықты иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер оқиғалары тергеп-тексеруге жатады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу, есепке алу мен есептілігін жүргізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

4. Халық арасында АИТВ инфекциясын жұқтыру оқиғаларын тергеп-тексеруді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің мамандары жүргізеді.

5. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 106-баптың жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

106-бап. Кəсіптік аурулар жəне (немесе) улану оқиғаларын тіркеу

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғалары, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен олардың анықталған жері бойынша кəсіптік патология жəне сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің тіркеуіне жатады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғалары уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында есепке алынуға, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мемлекеттік есепке алуына және есептілік жүргізуіне жатады.

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік аурулар және (немесе) улану оқиғалары, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін тергеп-тексерілуге жатады.

4. Жұмыс беруші жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың барлық оқиғалары туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша бір тәулік ішінде дереу хабарлайды.

5 - 10. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

107-бап. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация

1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес жүйелі негізде профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті.

2. Эпидемиялық төтенше ахуалдар туындаған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ұсынуы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен бюджет қаражаты есебінен кезектен тыс міндетті дезинфекция, дезинсекция немесе дератизация жүргізіледі.

3. Профилактикалық дезинсекция мен дератизацияны (инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

4. Адамның инфекциялық және паразиттік аурулары ошақтарындағы және инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарындағы ошақтық дезинфекцияны, дезинсекцияны, дератизацияны инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және (немесе) оларды жою мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары мен медициналық ұйымдар жүргізеді.

 

 

2-параграф. Инфекциялық емес аурулардың профилактикасы

 

108-бап. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы

1. Инфекциялық емес аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың профилактикасы:

1) аурулар тәуекелінің мінез-құлық факторларының профилактикасын және мыналар:

саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау;

аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын ендіре отырып, халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету жолымен халықтың хабардар болуын арттыруды;

2) созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламаларын ендіруді;

3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының бекітілген халықтың аурулары тәуекелі факторлары, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мамандарының - жұмыскерлердің еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтатын кәсіптік аурулары мониторингін;

4) мемлекеттік органдардың өз өкілеттіктері шегінде, өзге де органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ дара кәсіпкерлердің аурулар тәуекелінің өндірістік факторларының әсерін барынша азайтуды және өндірістік зиянды және (немесе) қауіпті факторлардың бағалануын ескере отырып, олардың әсер етуі салдарынан денсаулық үшін тәуекелдерін бақылауды;

5) халыққа скринингтік зерттеулер, профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізу, ерте қаралуға ынталандыру арқылы созылмалы инфекциялық емес, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды анықтауды;

6) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді, медициналық оңалтуды қоса алғанда, созылмалы, оның ішінде кәсіптік аурулары бар адамдарды динамикалық байқауды және уақтылы сауықтыруды;

7) денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыда көрсетілген мерзімге уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруды қамтиды.

2. Жарақаттану мен кәсіптік аурулар профилактикасын сектораралық деңгейде өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

3. Ұйымның медицина қызметкерінің:

1) еңбек гигиенасы жөнінде, жұмыскерлердің кәсіптік қызметімен және еңбек жағдайларымен байланысты кәсіптік аурулар туралы білімі болуы;

2) еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтатын сырқаттанушылыққа талдау жүргізуі;

3) міндетті алдын ала және кезеңдік медициналық қарап-тексерулерге жататын жұмыскерлердің кәсіптік қызметінің және еңбек жағдайының сипаттамасын міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға беруі міндетті.

 

2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 108-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

108-1-бап. Энергетикалық сусындарды тұтыну профилактикасы және тұтынуды шектеу

1. Энергетикалық сусындарды тұтыну профилактикасы және тұтынуды шектеу халық денсаулығын оларды тұтыну салдарынан сақтауға және инфекциялық емес аурулардың пайда болуының алдын алуға бағытталған.

2. Энергетикалық сусындарды:

1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;

2) сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы сатушының тікелей қатысуынсыз;

3) сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттарсыз өткізуге тыйым салынады.

3. Энергетикалық сусындарды таңбалау Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Энергетикалық сусындарды сату кезінде энергетикалық сусындар саудасын жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:

1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуін талап етуге;

2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмеген жағдайда, энергетикалық сусындарды сатудан бас тартуға міндетті.

5. Энергетикалық сусындарды сату жүзеге асырылатын орындардағы көрнекі жерде мынадай мазмұндағы: «Энергетикалық сусындарды жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады.» деген жазба орналастырылуға тиіс.

 

109-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы

1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы:

1) психикаға белсенді әсер ететін заттардың зияны, сондай-ақ оларды тұтынудың медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілері туралы білімді насихаттауды;

2) есірткіні, психотроптық заттар мен сол тектестерді, оның ішінде оларды әзірлеу, дайындау және пайдалану тәсілдері, әдістері, алу, өндіру және тарату орындары туралы ақпаратты насихаттауға тыйым салуды;

3) медицина және фармацевтика қызметкерлері үшін есептелген мамандандырылған баспасөз басылымдарынан басқа, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестердің жарнамасына, оның ішінде құрамында есірткі немесе психотроптық заттар бар дәрілік препараттардың үлгілерін жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салуды;

2025.02.01. № 150-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салуды;

4) психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелді адамдарды ерікті түрде, жасырын емдеуді;

5) наркологиялық науқастарды ерікті медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.

2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасын барлық жеке және заңды тұлға өздерінде бар құқықтар шегінде жүзеге асырады.

 

2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 110-бап өзгертілді (2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

110-бап. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді және алкогольді тұтыну профилактикасы және оны шектеу

1. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, сондай-ақ алкогольді тұтыну профилактикасы және оны шектеу халық денсаулығын оларды тұтыну салдарынан қорғауға және тәуелділіктің, оның ішінде никотинді жеткізу және темекіні, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, қорқорды тұтыну құралдарының жаңа түрлерінен пайда болатын тәуелділіктің туындауын алдын алуға, темекі бұйымдарын сатып алу құқығы бар адамдар үшін жас шегін енгізуге, халықтың темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынуға көзқарасын өмірі мен денсаулығы үшін жоғары тәуекел факторы ретінде қалыптастыруға, халықаралық міндеттемелерге сәйкес алкоголь мен темекі бұйымдарын тұтынудың таралу профилактикасы жөніндегі келісілген іс-қимылдар жүргізуге бағытталған.

2. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді:

1) жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға;

2) он сегіз жасқа дейінгі адамдардың сатуына;

3) темекі бұйымының ашық қораптарынан немесе темекі бұйымдарын даналап сатуға;

4) сатушының тікелей қатысуынсыз, сауда автоматтары, өзге де электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы;

5) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылысжайлардың, стадиондардың ғимараттары мен аумақтарында;

6) өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) темекі бұйымының қорабына сәйкестендіру құралдары жапсырылмаса;

8) егер темекі бұйымының қорабында жиырма сигареттен кем болса;

9) темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына орналастырылатын кемінде үш зиянды қосынды -жүйелік улар, канцерогендік және мутагендік заттар туралы мәліметтер темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымының қаптамасына жазылмаса;

10) темекі бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің қорабына темекі бұйымдарын тұтынудың және никотиннің зияны туралы ескерту жазылмаса;

11) темекі бұйымының қорабына, тұтыну қаптамасына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің тұтыну қаптамасына жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға және он сегіз жасқа дейінгі адамдардың сатуына тыйым салынғаны туралы жазба жазылмаса;

12) тұтынушыны тікелей немесе жанама түрде жаңылыстыруға алып келетін ақпарат, оның ішінде «құрамында шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл», «жұмсақ», «экстра», «ультра» деген сөздер не басқа бұйымдармен және (немесе) тұтыну тәсілдерімен салыстырғанда белгілі бір бұйымдар және (немесе) тұтыну тәсілдері зиянының аз екені туралы жалған әсер қалдыратын, сондай-ақ тағамдық өнімдердің (тағамдық қоспалардың), оның ішінде жемістердің, жидектердің, кондитерлік бұйымдардың дәмі бар дегенді білдіретін өзге де сөз тіркестері, оның ішінде шет тілдердегі сөз тіркестері, кез келген терминдер, сипаттамалар, белгілер, символдар немесе өзге де белгіленімдер болса;

13) басқа да тауарлармен жиынтық құрамда болса;

14) өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерінен;

15) балалар ассортименті тауарларымен сауда жүзеге асырылатын сауда ұйымдарының үй-жайларында;

110-баптың 2-тармағының 16) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

16) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді және оларға арналған сұйықтарды шығарып және ашық көрсете отырып, сатуға тыйым салынады. Бөлшек сауданың жүзеге асырылуы кезінде темекі өнімі, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, туралы ақпарат сатылатын өнімнің тізбесін орналастыру арқылы сатып алушылардың назарына жеткізіледі, оның мәтіні қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттер пайдаланылмай, сатылатын темекі өнімінің бағасы көрсетіле отырып, бір сауда орнына 40х30 сантиметрден аспайтын көлемде ақ фонда қара түсті бірдей өлшемдегі әріптермен орындалады және әліпбилік ретпен жасалады. Сауда объектісінде сатып алушыға темекі өнімін, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді көрсету сатылатын темекі өнімінің және оларға арналған сұйықтықтардың тізбесімен танысқаннан кейін оның талап етуі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін;

17) теміржол вокзалдарының, автовокзалдардың, әуежайлардың, теңіз порттарының, өзен порттарының аумақтары мен үй-жайларында (бажсыз сауданы қоспағанда), жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған метрополитен станцияларында, тұрғын үй және қонақүй қызметтерін, уақытша орналастыру және (немесе) уақытша тұруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді, тұрмыстық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үй-жайларда сатуға тыйым салынады.

3. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сату жүзеге асырылатын орындарда көрінетін жерде мынадай мазмұндағы: «Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынады» деген жазба, сондай-ақ темекі шегудің зияны туралы уәкілетті орган бекіткен ескерту орналастырылуға тиіс.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатуды жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:

1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге;

2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатудан бас тартуға міндетті.

5. Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді тұтынуға:

1) білім беру ұйымдарының үй-жайлары мен аумағында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда;

2) денсаулық сақтау ұйымдарының үй-жайларында;

3) қоғамдық тамақтану пункттерінде;

4) мәдениет объектілерінде, музейлерде, кітапханаларда және лекторийлерда, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көру және көрме залдарында, спорт ұйымдары мен дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында, спорт ареналарында және көпшіліктің демалуына арналған басқа да құрылысжайларда;