«Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 2-33 қаулысымен бекітілген 2-қосымша)

Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы

«Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты»

 және «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемелерінің Ережелері туралы»

№ 2-33 қаулысымен бекітілген

2-қосымша

 

 

«Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.