Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкімі
(2026.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
ҚР Премьер-Министрінің 2022.09.04. № 72-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2022.16.06. № 150-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2023.14.06. № 95-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2023.28.11. № 187-ө өкімімен (бұр.ред.қара); 2024.21.02. № 20-ө өкімімен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Премьер-Министрінің 2024.05.09. № 132-ө Өкімімен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің 2025.13.01. № 5-ө Өкімімен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің 2025.20.06. № 102-ө Өкімімен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің 2026.06.04. № 42-ө өкімімен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 22 наурыздағы
№ 57-ө өкіміне
1-қосымша
Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі