«Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 79-ө өкімі

Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 79-ө өкімі

 

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесі(бұдан әрі - кесте) бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 29-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық материалдарды мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыру жөніндегі жұмыстарды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.

4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы өкімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылатын ақпараттың дұрыстығы және уақтылығы үшін жауапкершілік мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.

6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2019 жылғы 13 мамырдағы

№ 79 өкіміне

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдар ұсыну

кестесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.