«Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 Қаулысы (2026.17.07. берілген өзгерістермен)

Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 480 Қаулысы

(2026.17.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 29-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2026.14.07. № 615 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының штат санының лимиті бекiтiлсiн.

2. Қызмет бабында пайдалану үшін.

3. Әкімдерге штат кестелерін бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.

ҚР Үкіметінің 2026.14.07. № 615 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері:

1) жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз етіп, жергiлiктi бюджеттердегі қаражат шегiнде және осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдарының штат кестелерiн бекiтсiн;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.