«Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерге 2022 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 547 Қаулысы

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерге 2022 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 547 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерге 2022 жылға кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

2. Тиісті мәслихаттар 2022 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде облыстардың жергілікті атқарушы органдары мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қаржы министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2) бюджеттік кредиттердің нысаналы пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.