«Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 976 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларында:
17-тармақта 11) тармақшадағы «өкілдік шығысты төлеуге жұмсалады.» деген сөздер «өкілдік шығысты төлеуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) көрсетілетін кір жуу қызметіне;
13) цифрландыру саласындағы консалтингтік көрсетілетін қызметке ақы төлеуге;
14) цифрландыру саласындағы тауарларға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) ақы төлеуге жұмсалады.»;
1-қосымшадағы 9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бастапқы әскери даярлық, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық оқытушыларын, Қазақстан Республикасының азаматтарын запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлау мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру;»;
2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;