«Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қазандағы № 586 бұйрығы

«Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қазандағы № 586 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15364 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-2-тармағына сәйкес әзірленген және әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау үшін қолданылады.»;

қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

 даму министрінің міндетін атқарушы

 

 

Е. Дауылбаев

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және

инфрақұрылымдық

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.