«Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 13 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11097 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. АҚМЖ құрылымы мен кіші жүйелерінің құрамы»;
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. АҚМЖ аумақтық кiшi жүйелерi қабылданған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске сәйкес келедi.
Әрбiр аумақтық кiшi жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта азаматтық қорғауды ұйымдастыру мен жүргізуге арналған және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссияны, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерін, күнделiктi басқару органын («112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін, кезекші-диспетчерлік қызметтер), осы аумақтағы салалық кiшi жүйелердiң күштерi мен құралдарын, оның iшiнде қаржы, азық-түлiк, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, құлақтандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерiн қамтиды.
Аумақтық кiшi жүйелердiң құрылымы әкімдердің шешімімен айқындайды.