«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 және «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 348 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 және «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 348 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:

2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«14) нұсқаушы - он сегіз жасқа толған, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі-уәкілетті орган) аумақтық органында даярлықтан өткен жеке тұлға;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Шомылуға бөлінген су айдыны акваториясы учаскесінің түбін 2 метрге дейінгі тереңдікте зерттеп-қарауды және тазалауды, сондай-ақ жағажайдың осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкестігін көзбен шолып қарауды уәкілетті органның аумақтық органдары немесе қарамағындағы мемлекеттік мекемелері немесе жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органның аумақтық органдары өкілдерінің қатысуымен су астында жұмыс жүргізу үшін сүңгуірлік жабдықтары мен құрал-жабдықтары бар ұйымдар жүргізеді.

6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындарда (уәкілетті органның аумақтық органының басшысы бекіткен патрульдеу ай сайынғы графигі негізінде) патрульдеу жүргізуді ұйымдастырады.»;

9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.