Кәсіптік стандарт: «Композиттік конструкциялардың құрылғысы (құрылыста)» (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 29 қазандағы № 544 бұйрығына 1-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

министрінің міндетін

атқарушының

2026 жылғы 29 қазандағы

№ 544 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Кәсіптік стандарт: «Композиттік конструкциялардың құрылғысы (құрылыста)»


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Композиттік конструкциялардың құрылғысы (құрылыста)»кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың композиттік (болат темірбетон, полимеркомпозиттік, құрама) конструкцияларын монтаждауды және орнатуды жүзеге асыратын кадрларды бағалау, аттестаттау, сертификаттау және біліктілігін растау, даярлау және қайта даярлау үшін негіз ретінде әзірленді.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; жобаның (бағдарламаның) тапсырыс беруші-инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі), құрылыс салушы не олардың уәкілетті тұлғалары қызмет мақсаттарына қарай тапсырыс беруші бола алады;

2) құрылыс объектісі - құрылыс қызметінің түпкі нәтижесі болып табылатын, ғимарат немесе құрылысжай түріндегі жасанды орта объектісі»;

3) салалық біліктілік шеңбері - салада танылатын сараланған біліктілік деңгейлерінің негіздемелік құрылымы болып табылатын ұлттық біліктілік жүйесінің құрамдас бөлігі (кіші жүйесі);

4) кәсіптік стандарт - формалды және (немесе) формалды емес және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.