«Ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025 жылғы 22 мамырдағы № 244/НҚ бұйрығы

Ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025 жылғы 22 мамырдағы № 244/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 149-бабының 10-тармағына және 150-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, сондай-ақ техникалық тапсырманы түзетумен байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сәулет және цифрлық трансформация саясаты департаменті:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.