«Бұрғылау және басқа тау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына 2-қосымша) (2016.26.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.04.05. № 274 бұйрығымен алып тасталды

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 501 бұйрығына

2-қосымша

 

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.26.05. № 442 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Бұрғылау және басқа тау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2016.26.05. берілген өзгерістермен)

 

«Бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.26.05. № 442 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Бұрғылау және басқа тау жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттаманы келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016.26.05. № 442 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;

2) күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты 30 (отыз) минутты құрайды;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты 15 (он бес) минутты құрайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.