«Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 14 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 14 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің қағидалары, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Мына:

1) «Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 16795 болып тіркелген);

2) «Бас банктің күмәндi және үмiтсiз активтерін сатып алатын еншiлес ұйым қызметі қағидаларын, ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 61 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 51 қаулысының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 наурызда № 22353 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.