Ветеринариялық зертханаларға арналған материалдар шығысының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 120 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар ауруларын зертханалық-диагностикалық зерттеулерге арналған материалдар шығысының заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлар ауруларын референттік зерттеулерге және штамдардың өміршеңдігін жаңарту мен қолдау бойынша зертханалық зерттеулерге арналған материалдар шығысының заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жануардан алынатын тамақ өнімдері (ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, балық және балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, бал ара шаруашылығы өнімдері) қауіпсіздігінің гигиеналық талаптары бойынша зертханалық талдауларға арналған материалдар шығысының заттай нормалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Орыс тіліндегі мәтін алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді