«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 45 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процесін мониторингтеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. 2026 жылы іске асыру жоспарланған жобалар бойынша өтінімдер 2026 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірілмей беріледі.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Қағидалардың 14 және 16 тармақтарына сәйкес өтінімді қарау оны жұмысқа қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: