«Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 126 бұйрығы
БҰЙРАМЫН:
1. «Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 90) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 90) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру тәртібін айқындайды.»;
1-тармақтың жетінші, сегізінші абзацтары 2026 ж 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: