ҚР СТ ISO 1127-2017
Тот баспайтын болаттан жасалған құбырлар
Өлшемдері, шектері және ұзындық бірлігіндегі шартты салмағы
(ISO 1127:1992 Stainless steel tubes - Dimensions, tolerances and conventional masses per unit length, IDT)
Мазмұны
5. Ұзындық бірлігіне шартты салмағы
А қосымшасы (ақпараттық). Библиография
Осы стандарт тот баспайтын болаттан жасалған құбырлардың диаметріне, қалыңдығына, шақтамасына және ұзындық бірлігіне, шартты салмағына қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет. Күні қойылған сілтемелер үшін сілтемелік құжаттың тек көрсетілген басылымы қолданылады:
ISO 5252:1991 Steel tubes - Tolerance systems (Болат құбырлар. Шақтамалар жүйесі).
Осы стандарта берілген құбырлардың сыртқы диаметрі мен қалыңдығы ISO 4200:1991 таңдалған. Егер 14,2 мм-ден артық қалыңдық талап етілсе, оларды ISO 4200:1991 ішінен таңдаған жөн.
Құбырдың сыртқы диаметрі мен қалыңдығы бойынша рұқсат етілген шақтамалар дайындау, болаттың типін таңдау және термиялық өңдеу тәсілінің нәтижесі болып табылады. Шақтамалар 1 және 2-кестеде берілген мәндерден таңдалуға тиіс.
4.1 Сыртқы диаметріне шақтамалар
1-кестені қара.
1-кесте - Сыртқы диаметріне шақтама
| Шақтама класы | Сыртқы диаметріне шақтама |
| D1 | ± 1,5% |
| ± 0,75 мм мин.кезінде | |
| D2 | ± 1% |
| ± 0,5 мм мин.кезінде | |
| D3 | ± 0,75% |
| ± 0,3 мм мин.кезінде | |
| D4 | ± 0,5% |
| ± 0,1 мм мин.кезінде |
Сыртқы диаметрі бойынша шақтамаларға сопақтық кіреді.
2-кестені қара.
2-кесте - Қалыңдығына шақтама
| Шақтама класы | Сыртқы диаметріне шақтама |
| Т1 | ± 1,5% |
| ± 0,6 мм мин.кезінде | |
| Т2 | ± 12,5% |
| ± 0,4 мм мин.кезінде | |
| Т3 | ± 10% |
| ± 0,2 мм мин.кезінде | |
| Т4 | ± 7,5% |
| ± 0,15 мм мин. | |
| Т5 | ± 5% |
| ± 0,1 мм мин. |
Қалыңдығы бойынша шақтамаға эксцентрлік кіреді.
Сыртқы диаметрі мен қалыңдығынан ерекшеленетін өлшеміне арналған шақтамалар үшін ISO 5252:1991 сілтеме жасаған жөн.