Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 Қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 3 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.