Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 «2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 571 шешімі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 «2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 санымен тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшадағы:
кірістер: «82 220 342,5» сандары «83 748 230,4» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
салықтық түсімдер: «34 896 310,8» сандары «36 110 050,7» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі: «41 812 688,7» сандары «42 126 836,7» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
шығындар: «106 364 721,3» сандары «107 891 189,2» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
бюджет тапшылығы (профицитi): «-24 144 378,8» сандары «- 24 142 958,8» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану): «24 144 378,8» сандары «24 142 958,8» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
қарыздарды өтеу: «9 000 000,1» сандары «9 001 420,1» сандарымен ауыстырылсын;
4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлығының 8-тармағына сәйкес белгіленгені назарға және басшылыққа алынсын:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi - 42 500 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң ең төмен мөлшерi - 16 839 теңге;