«Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығы (2026.12.07. берілген өзгерістермен)

Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығы

(2026.12.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.24.06. № 256 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.24.06. № 256 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне беру нысаны мен көлемі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінен астық қабылдау кәсіпорындарына ресімделген жер учаскелері бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне беру мерзімділігі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.