«2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 Қаулысы
(2016.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2016.23.02. № 100 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.10.03. № 134 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.08.10. № 579 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2016 жылға мынадай:
1) кірістер - 7 648 362 885 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 3 918 018 771 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 272 651 673 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 504 814 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 3 448 187 627 мың теңге;
2) шығындар - 8 045 742 230 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 223 163 225 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 315 031 873 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 91 868 648 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 282 143 545 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 285 913 545 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 3 770 000 мың теңге;
5) тапшылық - -902 686 115 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 2 пайыз;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 902 686 115 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
ҚР Үкіметінің 2016.10.03. № 134 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.08.10. № 579 Қаулысымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;