(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларын бекіту туралы

(2014.06.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңы 23-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары әскери киім нысанының ескі үлгілерін кию мерзімінің ескере отырып, тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде кезең кезеңімен осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы тамыздың 29-ы.

 

№ 627

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 29 тамыздағы

№ 627 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының
ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ

I. Арнаулы киім нысаны мен айырым белгілерін сипаттаған кезде пайдаланылатын ұғымдар

 

ҚР Президентінің 2014.06.10. № 922 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Жарлықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) амуниция - қаруларды, оқ-дәрілер мен басқа да жабдықтарды алып жүруді жеңілдететін нысанды киім заттары (белбеулер, шағын сөмкелер, жақпарлы кеудешелер);

2) арнаулы киім нысаны - Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және қызметкерлердің ұлттық қауіпсіздік органына, Сыртқы барлау қызметі саласындағы уәкілетті органға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне тиістілігін айқындайтын айырым белгілер;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.