«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 477 бұйрығы

«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 477 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10445 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларында:

1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Телекоммуникациялар желілері үшін нөмірлеу ресурсын бөлуді байланыс операторларының, қызмет провайдерлерінің, ведомстволық, корпоративті желілердің және арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желілері иелерінің, сондай-ақ өз қызметінде нөмірлеу ресурстарын пайдалануды жоспарлайтын жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерінің, соның ішінде ұялы байланыс желілерінің, жылжымалы радиотелефон байланысы желілерінің, транкингтік байланыс желілерінің, спутниктік жылжымалы байланыс желілерінің географиялық емес тұрғыда белгіленетін нөмірлеу аймақтарының «DEF» кодтарын;»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Нөмірлеу ресурсын бөлу, сондай-ақ оларды алып қою туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен расталады.»;

2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Нөмірлеу ресурсын бөлу тәртібі»;

14 және 15- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.