«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 201 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 наурыздағы № 201 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

мынадай мазмұндағы 95-1), 95-2), 95-3) және 95-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«95-1) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

95-2) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тәуелсіз директорларының (тәуелсіз мүшелерінің) тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

95-3) Ұлттық әл-ауқат қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) мүшелеріне сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу деңгейін айқындаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.