Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № 7С-2/1 шешімі
Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 8С-17/13 шешімімен күші жойылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімдігі
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 7С-2/1 шешіміне
қосымша
Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері және тәртібі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ, Бурабай ауданында тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) беріледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган - «Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері